Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «7-20-25» ХАЛЫҚ ҮШІН ТИІМДІ

«7-20-25» ХАЛЫҚ ҮШІН ТИІМДІ


Бүгінде аудан көлемінде қызу талқыға түскен Президенттің бес бастама жөніндегі Үндеуі халық тарапынан зор қолдауға ие болып отыр. Бұл әлеуметтің әлеуетін арттыратын тың идея. онда қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін жоғарылатуға бағытталған айтулы бастамалар көтерілген. оның ең бастысы – баспана мәселесі.

«Үйің болмай, күйің болмайды» дейді халық даналығы. Жақында ғана Президент ұсынған «7-20-25» бағдарламасы елімізде баспана мәселесін шешуге бағытталған. Бұл бағдарлама жүзеге аса бастағанда несие өсімінің мөлшерлемесі қазіргідей 14-16 емес, жылына 7 пайыздан аспайтын болады. Қазір банктер бастапқы жарнаға баспана құнының 30 пайызына дейін, кейде тіпті 50 пайызын салуды талап етсе, бұл бағдарлама бойынша ол 20 пайыздан аспауға тиіс. Несие алу үшін ай сайынғы төлем мөлшерін азайту үшін оның мерзімі 10-15 жыл емес, 25 жыл болады.
– Бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін Ұлттық банктің, екінші деңгейлі банктер мен қор нарығының мүмкіндіктерін іске қосу керек, – деп атап өтті Елбасы Үндеуінде. Президент шешімінен кейін Ұлттық банк 1 триллион қаржы тартуға қауқарлы арнайы компания құрып, ол қаражат Үндеу шарттарын орындауға жұмсалатын болады.
Елбасының көрегендікпен ойластырған шешімі әрбір қазақстандықтың үйлі-күйлі болуына ықпал етпек.


Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ
20 наурыз 2018 ж. 1 041 2

Гость JeaOrer от 16 ақпан 2019 18:50
Ordinare Viagra On Line Online Worldwide Provera Internet Website Visa Accepted Levitra Online Generic levitra 100mg guaranteed lowest price Acyclovir Online Us 800mg

Гость JeaOrer от 6 наурыз 2019 20:27
Viagra Generic Pay With Paypal cialis au maroc Pyridium Urinary Pain Comprar Cialis 40 Mg