107 ОҚУШЫДАН КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ АНЫҚТАЛДЫ

-98 мектептің 107 оқушысы коронавирус инфекциясын жұқтырған. Басым бөлігі қала мектептерінде анықталды. Бүгінгі күні 107 сынып 14 күнге карантинге жіберілді. Сондай-ақ дәстүрлі форматта оқу процесін бастаған мектеп мұғалімдері арасында КВИ-дің 17 дерегі есепке алынды. Байланыста болғандар шеңбері анықталып, эпидемияға қарсы барлық шаралар орындалды, - деді департамент басшысы.
Айта кету керек, облыс көлемінде бүгінгі күнге дейін коронавирус инфекциясының 17 403 жағдайы тіркелді. Өткен тәулікте 41 дерек анықталды. Басым көпшілігі эпидкөрсеткіштер бойынша ПТР тапсыру кезінде, 4 жағдай науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар арасында анықталды. 207 адам вирус жұқтырған адамдармен тығыз байланыста болғандар ретінде медициналық бақылауға алынған.