Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Карантинік шектеулер жеңілдетілді: жаңа қаулы шықты

Карантинік шектеулер жеңілдетілді: жаңа қаулы шықты

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, карантиндік шектеу шаралары кезең-кезеңмен жеңілдетіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қаулы бойынша қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беріліп отыр. Оған қоса, кеңестер мен отырыстарды көзбе-көз өткізуге болады. Бірақ қаулыда көрсетілген алгоритмді қатаң сақтау қажет.

Бұдан бөлек, әлеуметтік-экономикалық нысандар жұмысын шектеу өлшемшарты да жарияланып отыр.

Мәселен, "жасыл аймақтағы" банкет залдар 30%-дан артық емес, бірақ 50 адамнан асырмай толтырып, ас беруді өткізу үшін ғана жұмыс істеуге рұқсат беріліп отыр. Спорт шарасын да өткізуге болады. Бірақ көрермен саны 20 проценттен аспауға тиіс. Сол сияқты ойын-сауық орталығы, боулинг, компьютерлік клуб пен бияльярдта адам саны 30 проценттен артық болмауы шарт. Ал "қызыл" және "сары" аймақта ондай нысандар ашылуына рұқсат жоқ.

"Ал эпидемиологиялық жағдай 5 күн бойы нашарлап тұрса, мәселен, бір өңір "жасыл" аймақтан "сары" аймаққа немесе "сары" аймақтан "қызыл" аймаққа көшкен жағдайда карантин шаралары күшейтіледі. Ал "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа немесе "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа көшсе, 7 күннен кейін шектеу шаралары жеңілдетіледі", - делінген қаулыда.
10 қыркүйек 2021 ж. 436 0