Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус: жаңа Қаулы қабылданды

Коронавирус: жаңа Қаулы қабылданды

Қызылорда облысы коронавирустық инфекциясының эпидемологиялық ахуалды бағалау матрицасында 2021 жылғы 10 мамырдан бастап «жасыл» аймақта. Осыған байланысты бірқатар шектеу шараларын жеңілдету туралы облыстың Бас мемлекетік санитариялық дәрігерінің №14 жаңа Қаулысы қабылданды.

Қаулыға сәйкес тыйым салынады:

-Қоғамдық орындарда кальянды пайдалануға;

-ойын-сауық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге;

-букмекерлік кеңселердің қызметіне;

-түнгі және ойын клубтарының, караоке қызметіне;

-мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге;

Рұқсат беріледі:

-топтарды біріктіре отырып іс-шаралар жүргізбей, ата аналар мен бірге жүретін адамдарды кіргізбей мектепке дейінгі мекемелердің жұмысына;

-балаларды сауықтыру ұйымдарының қызметіне;

-ұйымдар, офистер жұмысын, міндеттерін қашықтықтан орындау мүмкін емес жұмыскерлерді қоспағанда, COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырмаған қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылып, 70%-н күндізгі режиммен (30% қашықтықтан) жұмыс жасауға;

-діни объектілер жұмысына толтырылуын 30% -дан асырмау талабымен жүзеге асыруға;

-қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысына толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмау талабымен жұмыс кестесін сағат 7.00-ден 2.00-ге дейін асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын тәулік бойы ұйымдастыруға;

-банкет залдарының жұмысына тек ас беру үшін, ғимараттардың ішінде толтырылуы 30%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай;

-50 адамнан асырмай мәдениет объектілерінің (дайындық) жұмысына;

-толтырылуын 30%-дан асырмай театрлар, кинотеатрлар, концер залдары, филармониялар жұмысына;

-толтырылуы 75%, бірақ 25 адамнан артық емес етіп облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдардың жұмысына;

-толтырылуы 75%, бірақ 25 адамнан артық емес етіп қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдардың жұмысына;

-толтырылуын 30% асырмай бильярд, компьютерлік клубтар, боулинг жұмысына;

-толтырылуы 30%-ға дейін, бірақ 50 адамнан асырмай балалардың ойын-сауық орталықтарының (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар) жұмысына;

-толтырылуы 20% асырмай көрермендермен спорттық іс-шараларды өткізуге;

-«Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің жұмысына рұқсат. «Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің жұмысы ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30.04.2021 жылғы №18 Қаулысымен реттеледі.

Қаулымен енгізілген бұл өзгерістер 2021 жылғы 17 мамырдан бастап күшіне енеді.
16 мамыр 2021 ж. 417 0