Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 41 газет

03 маусым 2025 ж.

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

№ 39 газет

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Токиодағы Паралимпиада ойындарының жүлдегерлеріне қанша сыйақы беріледі?

Токиодағы Паралимпиада ойындарының жүлдегерлеріне қанша сыйақы беріледі?

Токиодағы Паралимпиада жүлделі орынға ие болған қазақстандық спортшыларға қанша сыйақы берілетіні белгілі болды.

Паралимпиада Қазақстан қоржынына алтын алып келген пауэрлифтер Давид Дегтяревке мемлекеттен 250 мың доллар берілмек. Ал күміс еншілеген Әнуар Сариев, Зарина Байбатина және Теміржан Дәулеттің әрқайсысына тағайындалатын сыйақы сомасы 150 мың долларды құрайды. Су спортынан қола иеленген Нұрдәулет Жұмағали мемлекеттен 75 мың долларлық сыйақы алады.

Бұға қоса, бесінші орынға табан тіреген спортшылар Рахметжан Хамаев, Алина Солодухина, Жанбота Аманжол және Нұрлан Домбаевқа 10 мың доллар берілсе, жарысты алтыншы орын аяқтаған Ержан Сәлімгереев, Сиязбек Далиев және Дастан Мұқашбековке 5 мың доллар табысталады.

Паралимпиадаға қатысқан спортшыларға жалпы 860 мың доллар төленбек.

05 қыркүйек 2021 ж. 353 0