Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

№ 54 газет

22 шілде 2025 ж.

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Жалпықазақстандық ашық диктант өтті

Жалпықазақстандық ашық диктант өтті

Бүгін Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Достық үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жалпықазақстандық ашық диктант өтті.

«Тәуелсіздік – басты құндылығымыз!» тақырыбымен өрбіген шараға 30-дан астам этномәдени бірлестіктердің, жастар ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер қатысты.

Жалпықазақстандық диктант этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту мақсатын көздейді. Айта кету керек, комиссия құрамында облыстық тілдерді оқыту орталығының мамандары болып, қатысушылардың сауаттылығын бағалады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда «Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиіс» деген болатын. Бүгінгі өткен ашық диктанттың міндеті де осы. Қазақстан халқын топтастырушы фактор ретінде мемлекеттік тілдің рөлін нығайту.
03 қыркүйек 2021 ж. 776 0