Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әскери қызметшілердің жалақысы екі есеге өсті

Әскери қызметшілердің жалақысы екі есеге өсті

Шекара қызметінде заман талабына сай ауқымды реформа жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік шекараны мінсіз күзету мақсатында кадрлық құрамды нығайту, заманауи арнайы техникалық құралдарымен жабдықтау, шекара бөлімшелеріндегі жеке құрамның қолайлы тұрмыстық жағдайларын жасау мен жақсарту сияқты кешенді шаралар біртіндеп жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайлары, соның ішінде жалақылары да екі есеге өсті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде шекарашылар күніне орай өткен арнайы брифингте ҚР ҰҚК ШҚ Қызылорда облысы бойынша Департаментінің Тәрбие, идеологиялық және кадрлар жұмыстары бөлімінің аға офицері Өмірбек Аманбаев мәлімдеді.

«Мемлекеттік шекараны күзетуді ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері қайта қарастырылып, әскериден жедел әдіс қызметіндегі жаңа форматқа ауыстырылды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүйесіне толықтай интеграцияланып, нәтижесінде әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайлары, соның ішінде жалақылары екі есеге өсті. Департаменттен жергілікті азаматтар қатарынан жасөспірімдерді келісімшарт бойынша әскери қызметке шақыруға арналған арнайы топ құрылып жұмыс жасауда. Реформаны іске асыру барысында үміткерлерді іріктеу және зерделеуді сапалы ұйымдастыру мақсатында тәрбиелік идеологиялық және кадрлар жұмысы бөлімінің лауазымды тұлғаларымен бірегей үлгідегі жобасы әзірленіп, іске асырылды. Сонымен қатар, пандемияға байланысты шектеулерге қарамастан қазіргі таңда ел аумағында заңсыз еңбек етіп жатқан шетелдік мигранттар аз емес. Бұл бірінші ретте экономикамыздың тұрақтылығына кері әсерін тигізуде. Жыл басынан бері 11 адам анықталып, әкімшілік құқық бұзғандары үшін жауапқа тартылды», - деді Өмірбек Амангелдіұлы.
18 тамыз 2021 ж. 292 0