Бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК-сы тамыздың 5-сі күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 5 тамыз күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Еліміздің оңтүстігінде және орталығында ғана күн жауын-шашынсыз, ыстық болады.
Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.
Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында, таңертең және күндіз Түркістан, күндіз Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында шаңды дауыл тұрып, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жауады.
Маңғыстау облысының жағалауында, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Күндіз Атырау облысы, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде өте қатты ыстық болады. Күндіз Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады.
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Алматы, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.