Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысына Жамбыл өңірінен 33 тонна шөп жөнелтілді

Қызылорда облысына Жамбыл өңірінен 33 тонна шөп жөнелтілді

Игі бастаманы әулиеаталық белсенді азаматтар ұйымдастырған.

Айтуларынша, қазақ халқы қиын-қыстау уақытта бір-біріне қол ұшын созып, демеу берген. Сондықтан қаражат жинап, шөп шауыпты.16 вагон мал азығы Шу, Луговой, Жанатас және Тараз қаласы темір жол станцияларынан тиелді. 15 мың түк шөп Арал қаласына, Сексеуіл кентіне және Қамыстыбас ауылдық округіндегі шаруаларға жеткізіледі. Төрт-түліктің күйіне алаңдаған Жамбыл жұрты енді Маңғыстау облысына да көмек көрсетпек.

«Қуаңшылық салдарынан қиналып отқан шаруаларға, отбасыларға демеу болсын деп кәсіпкерлердің ұйымдастырып отырған мал азығы. Жалпы, облыстың жағдайына келетін болсақ, 1 млн 752 тонна шөп дайындалу керек болса, 1 млн 500 тонна көлемінде шөп дайындалды. Мал азығы қоры жеткілікті», – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Аманов.

31 шілде 2021 ж. 341 0