Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы тағайындалды

Облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы тағайындалды

Қызылорда облысының білім басқармасының БАҚ-пен байланыс маманы, баспасөз хатшысы қызметіне Қаласов Бекбол Қаратайұлы тағайындалды.

Бекбол Қаратайұлы 1997 жылы 21 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде журналист мамандығын бітірген.

Еңбек жолын “Alashinform.kz” ақпарат агенттігінде журналист ретінде бастаған. Бүгінгі күнге дейін “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалында PR менеджер, ШЖҚ “Қызылорда Су жүйесі” МКК-де баспасөз хатшысы қызметін атқарған.
"Ұшқыр қалам" номинация иегері.

Бекбол Қаратайұлы білім саласындағы ұсыныс-пікірлер мен БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап беретін болады.

30 шілде 2021 ж. 436 0