Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Баспасөз брифингі: кандидаттардың дауыстарын санау басталды

Баспасөз брифингі: кандидаттардың дауыстарын санау басталды

Қызылорда облысында ауыл әкімдерінің сайлау науқаны туралы баспасөз брифингі өткізіліп, спикерлер соңғы ақпараттарды таратты.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймұрзаев Қызылорда облысы бойынша жергілікті уақыт сағат 19.00-ге келіп түскен ақпараттар бойынша 28118 азамат дауыс бергенін хабарлады.

Бүгінде пайыздық көрсеткіш 77.79%-ды құрады.

Арал ауданы бойынша 12 округте 19 учаске бойынша 8019 сайлаушы, оның ішінде келушілер саны 6867 – 85,6% құрап отыр.

Қазалы ауданы бойынша 3 округте 2673 сайлаушы, келушілер саны 2182 – 81,6%.

Қармақшы ауданы бойынша 1 округте 2 учаске бойынша 3410 сайлаушы, келушілер саны 2263 – 66,3%.

Жалағаш ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 3596 келушілер саны 2919 – 81,2%.

Сырдария ауданы бойынша 3 округте 2808 сайлаушы, келушілер саны 2446 – 87,1%.

Шиелі ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 4225 сайлаушы, келушілер саны 3138–74,3%.

Жаңақорған ауданы бойынша 13 округте 17 учаске бойынша 11340 сайлаушы, келушілер саны 8303 – 73,2%.

Сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймұрзаев дауыс беру уақыты аяқталып, комиссия мүшелері дауыстарды санау процесін бастағанын жеткізді.

Брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова сайлау процесі кезіндегі сақтық шаралардың сақталу барысына тоқталып, науқанда шоғырландыруды болдырмау бағытында әрекет амалдарды атап өтті.

Ал, облыстық Полиция департаменті басшысының орынбасары Шамшидин Амитов жағдайдың тұрақты екенін және сайлау барысында құқық бұзушылықтардың тіркелмегенін хабарлады.

Айта кетейік, 40 сайлау округі бойынша 151 кандидат ұсынылған. 131 кандидат тіркеліп, солардың 122-і бюллетеньге енгізілген. Кандидаттардың басым бөлігі – өз-өзін ұсынушылар.
25 шілде 2021 ж. 140 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам