Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлт бірлігі маңызды

Ұлт бірлігі маңызды


Биыл біздің аймақта «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жарияланды. Осыған орай күні кеше Елбасы жариялаған Үндеудің төртінші бастамасы «Шағын несие беруді көбейту» деп аталады. Мұның негізгі бағыты жұмыссыздықты жою мен кәсіп бастаушыларға жеңілдетілген несие беру, қолдау көрсету. Елбасы кәсіпкерлікпен айналысуға көмек беріп жатқан «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының жұмысына оң баға берді.
Сондықтан кез-келген өз ісін бастайтын азамат өз ісін ашуға мүмкіндік алу керек. Әсіресе, ауыл тұрғындары үшін маңыз берілетін болады. Президенттің бес бастамасы елді бірлікке үндеп, жұдырықтай жұмылуға шақырады. Қазақ тарихынан сыр шерткен Елбасы осы күнге дейін қол жеткен табысты еселеп, ел бірлігін көздің қарашығындай сақтауға, өзгеге өнеге көрсетуге назар аударды. Айтылған бағдарлама заңдық тұрғыда бекітіліп, іске аса бастағанда әлеуметтік мемлекет қалыптасатын болады.

Ж.НҰРЫМБЕТОВ,
облыстық мәслихат депутаты
16 наурыз 2018 ж. 980 0