Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Қазақстанда дельта штамның таралуы өсіп барады

Қазақстанда дельта штамның таралуы өсіп барады

Еліміздің барлық өңірлерінде дельта штамының өсуі соңғы бір аптада артып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынабсары Марат Шоранов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Соңғы аптада дельта штамның таралуы өткен аптаға қарағанда республиканың барлық өңірлерінде өскен. Сырқаттану көрсеткішінің өсімі 1,9 есе болды. Өңірлердегі төсек-орын қорын мониторингілеу деректеріне сәйкес 8 шілдедегі жағдай бойынша төсектердің республика бойынша жүктелімі – 37 пайыз, реанимациялық төсектердің жүктелімі – 32 пайыз», - деді вице-министр.

Еске салсақ, соңғы деректер бойынша Қазақстанда 35 554 адам коронавирустан емделіп жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 709 адамның жағдайы ауыр,
• 161 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 91 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
08 шілде 2021 ж. 512 0