Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қазақстан "қызыл" аймаққа кірді

Қазақстан "қызыл" аймаққа кірді

Өткен тәулікте Қазақстанда 1672 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны ПТР-тест арқылы расталды, деп хабарлайды sputnik.kz.

Қазақстан коронавируспен ауырғандар санының артуына байланысты эпидемиологиялық қолайсыз аймаққа енді.

COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, республика бір күн бұрын "сары" аймақта болған, ал бүгін "қызыл" аймаққа орын ауыстырды. 

Өңірлердегі жағдай сенбімен салыстырғанда өзгеріссіз қалды.

"Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан.

"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Қостанай және Маңғыстау облыстары.

"Жасыл" аймақта: Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары.


27 маусым 2021 ж. 537 0