Қызылодада мемелекеттік қызметшілерге төсбелгі табысталады

Айта кетейік, бұған дейін республика көлемінде мемлекеттік қызметшілерге төсбелгі беріліп келді. Аталған марапатқа әр өңірдегі үміткерлердің екеуі ғана қол жеткізетін. Ал биыл алғаш рет облыс дейгейінде ұйымдастырылып отырған «Мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі үздік деп танылған үш мемлекеттік қызметшіге беріледі.
- 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күніне орай іс-шаралар жоспары бекітіліп, жүзеге асуда. Атап айтқанда, облыс әкімінің жүлдесіне арналған XXVI дәстүрлі мемлекеттік және ведомство қызметкерлері арасында спартакиада өтті. Спорт додасында 1000-нан астам мемлекеттік қызметкер спорттың 9 түрі бойынша бақтарын сынады. Сайыс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі ертең, яғни 23 маусым күні сағат 12:30-да «Мұз айдыны» спорт кешенінде өтеді.
Бұған қоса, биыл білікті кадрлар дайындау мақсатында құрылған «Абырой» мемлекеттік қызмет мектебін 25 түлек бітіріп шықты. Департамент пен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті және Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалы бірлесіп аталмыш мектепті табысты аяқтаған тыңдаушыларға арнайы сертификаттар табыстады,-деді Жасұлан Қанибайұлы.