Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » 18 маусымға арналған ауа райы болжамы

18 маусымға арналған ауа райы болжамы

18 маусым күні атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты, еліміздің көп бөлігінде найзағай, қиыр солтүстікте қатты жаңбыр және бұршақ күтіледі. Тек ҚР батысы мен оңтүстік-батысында күн ашық болады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстік-батыста және батыста шаңды дауыл, солтүстікте және оңтүстік-шығыстағы тауларда дауыл тұруы ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіледі.

Ақмола облысында дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күндіз бұршақ, дауыл болады.

Жамбыл облысында күндіз таулы аудандарда бұршақ, дауыл күтіледі, кей жерлерде шаңды дауылмен жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түркістан, Ақтөбе облыстарында да жел күшейеді.

Күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Павлодар, Қарағанды облыстарында, Алматы, Түркістан облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде аптап ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе облыстарында, Жамбыл, Алматы, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.


18 маусым 2021 ж. 381 0