Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Мемлекет басшысы туралы деректі фильм көрсетіледі

Мемлекет басшысы туралы деректі фильм көрсетіледі

«Хабар» агенттігі Қазақстан Республикасының Президенті - Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев туралы «Преодоление» атты екі бөлімнен тұратын деректі фильм ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фильмде Тәуелсіз Қазақстанның екінші Президентінің жеке тұлға болып қалыптасу тарихы баяндалады және оның саяси жолы көрсетіледі.

Бірінші бөлім Мемлекет басшысының өмірбаянындағы қызықты фактілерге арналған. Екінші бөлімде көрермен саяси қызметтің тиімділігін бағалап, Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлемдік аренадағы еңбегі мен беделі туралы біле алады.

«Преодоление» деректі фильмінің бірінші бөлімін 11 маусым күні, яғни бүгін 21:30-да, екінші бөлімін 12 маусым күні сағат 22.00-де «Хабар» телеарнасынан тамашалай аласыздар. Ал 13-ші маусым жексенбі күні сағат 22.00 мен 22.40-та екі бөлімнің де қайталауын көруге мүмкіндік ала аласыздар.
11 маусым 2021 ж. 426 0