Бала ұмытпайтын 5 нәрсе
1.Сіздің арқаңызда өзін қауіпсіз сезінген кез
Кез келген бала қамқорлыққа зәру. Тіпті олар түнде қорқып жатқанда барлық қорқынышқа қарсы тұрып, өзін құтқарғаныңызды ешқашан ұмытпайды. Ата-анасынан әркез қорған күтеді.
2.Барлық шаруаны ысырып қойып, өзіне ғана көңіл бөлген уақытыңыз
Балалар сіздің өзіне деген махаббатыңызды көңіл бөлуіңізге қарап бағалайды. Мәселен, бар жұмысыңызды тастап, онымен бірге тамақтануыңыз, бірге ойнауға барған сәтіңіз есінде жақсы сақталады. Сондықтан осындай ұсақ-түйек нәрсеге болса да уақыт табыңыз.
3.Ата-анасының бір-бірімен тілдесуі
Балалар махаббат сезімінің көп бөлігін ата-анасының қарым-қатынасына қарап бойына сіңіреді. Өскенде өз әкесіне не анасына ұқсас жар іздейтін болады. Сондықтан оның алдындағы өз мәртебелеріңізді түсірмеуге тырысқан жөн.
4.Сіздің сындарыңыз, рұқсатыңыз
Бала жүрегі өте нәзік, иілгіш бұта тәрізді. Балдәурен шағында қандай қамқорлық көріп өссе, жүрегі де жұмсақ, мейірбан болады. Ал үнемі айқайдың, қатал сынның арасында ер жетсе, жасқаншақ, тым жуас, тұйық болып қалады. Сондықтан орынды жерінде ескерту жасап, қажет жерінде еркелетіңіз.
5.Отбасылық дәстүрлер
«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Отбасындағы тәлім-тәрбиеден бөлек әрбір жасалатын салт-дәстүр, отбасылық қағидалар бала жадында мәңгі қалады. Мысалы, кешкісін отырып отбасының барлық мүшесі жиналып ойын ойнап, фильм тамашалауы мүмкін. Немесе жиі табиғат аясында серуендеу т.б.
http://ikerim.kz/2017/05/08/bala-umytpaityn-5-narse/
Пікір 2