Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әскерде сыбайлас жемқорлыққа жол берілмеуі тиіс

Әскерде сыбайлас жемқорлыққа жол берілмеуі тиіс

Қызылорда гарнизонында санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормаларды сақтай отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында гарнизондағы әскери бөлімдер мен мекемелердің басшылық құрамымен жиын ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – елімізді қорғау саласына өз үлестерін қосып жүрген гарнизондағыәскерилер арасында заң бұзушылықтарға жол бермеу, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу.

- Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан жұмыстар кезінде заң бұзушылықтар менсыбайластық әрекеттерге жол бермеу туралы жан-жақты ақпараттар айтылуда. Сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайту және азаматтардың Қарулы Күштерге сенімін көтеру мақсатындағы «Қарулы Күштері – Адалдық Алаңы» жобасы аясында датиімді іс-әрекеттержүргізіліп жатыр, - деді әскери полиция бөлімшесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі аға офицері, әділет майоры Әлімжан Ерімбетов.

Осыдан соң өңірдегі мекеме және әскери бөлім басшыларына көктемгі мерзімді әскери қызметке шақырукезіндегі олқылықтар, жол жүру ережелін бұзған жағдайда полиция қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық әрекетке бармау керектігі жеткізілді. Барлық атқарылып жатқан іс-әрекеттердің қатаң бақылауда екенін ескертілді.

Жиын соңында іс-шараныұйымдастырушылар еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қолдауға шақырды.Осы дертті жою мақсатында жұмыстар атқарылуы тиіс екенін ескеріп, бөлім және мекеме басшыларына ауқымды тапсырмалар берілді.

Мұхит Қонаров,
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы,
лейтенант
13 мамыр 2021 ж. 344 0