Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Кәсіби бағдар керуені аудандарды аралады

Кәсіби бағдар керуені аудандарды аралады

“Болашақ” университетінің Кәсіби-бағдар керуені Сыр мен жырдың мекендері - Жалағаш пен Сырдария аудандарымен жалғасты. Жалағаш ауданындағы 246, 202, 201, 123, мектеп-лицейлеріне және “Жалағаш аграрлы-техникалық колледжіне”, Сырдария ауданының №131, 36, 35 мектептері мен “Сырдария аграрлы-техникалық колледжіне” түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Болашақ білім алушылармен кездесіп, керемет көңіл күй сыйлап, ыстық ықыластарын алып қайтты.

Түсіндірме жұмыстары барысында бітіруші түлектерге Болашақ университетінің материалдық базасы,оқу жүйесі туралы түсірілген, арнайы даярлаған бейне-ролик көрсетілді. 11 сынып оқушылары мен бітіруші түлектермен кері байланыс жүргізіліп, әлеуметтік желілерде белсенділіктерін көрсетті.

Өздерінің білімділігімен көзге түскен Жалағаш ауданы мен Сырдария ауданының бітіруші түлектеріне алдағы өтетін Ұлттық бірыңғай тестке сәттілік тілейміз!
13 сәуір 2021 ж. 941 0