Жемқорлықпен күрес – азаматтық борыш

Сыбайлас жемқорлық сөзі латынша сөздікте «corrumpere» – «бұзықтыққа жетелеу» деген мағынаға келеді. Яғни, лауазымды тұлғаның өзінің құзыретін, оған сеніп тапсырылған құқықтарын заңнама мен моральді белгілерге қарама-қайшы келетін өзінің пайдасы үшін пайдалануды білдіретін термин. Жемқорлықпен айналысатын адам өзіне міндеттелген қызметті дұрыс орындамай, оны жеке басының табысы үшін пайдаланады. Қоғамның дамуын тежеп, оны арам дүние табуға жұмсайды.
Орта ғасырларда «Сыбайлас жемқорлық» түсінігі ең алдымен қызығу, шайтанның азғыруы дегенді білдірген. Жаңа уақыттың басталуы, Еуропада орталықтандырылған мемлекеттердің пайда болуы сыбайлас жемқорлықтың жаңа түсінігінің дамуына септігін тигізді. Сыбайлас жемқорлық қоғамдық күрделі мәселе, қоғамның «ауру» белгісі ретінде қабылдана бастады. Жемқорлық ұғымы заманауи құқықтық сөздік қолданысында кеңінен қолданылады және терең тарихи тамыры бар. Жемқорлықтың қарапайым түсінігі – лауазымды тұлғалар, қоғамдық және саяси қайраткерлер мен мемлекеттік шенеуніктердің өз қызметтерінде сараңдық пен сатқындық танытуы.
Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі сыбайлас жемқорлықпен күрестің қуатты құралына айналуы тиіс.
Раджаб САЛХАДИН,
«Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі»
КММ-нің заң консультанты