Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Атаулы әлеуметтік көмек алатын жандар тізімі

Атаулы әлеуметтік көмек алатын жандар тізімі

Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірлерінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен (бұдан әрі – әлеуметтік топтама) қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде, – деп хабарлайды Еgemen.kz

Алматы қаласы Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, биылғы жылдың І тоқсанында 4,6 мыңға жуық балаға әлеуметтік топтама берілетін болады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша АӘК алушылар ішінен 1 жастан 6 жасқа дейінгі 6,9 мың бала азық-түлік және тұрмыстық химия заттарының жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама алады деп болжануда. Осы жылы кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы aleumet.egov.kz әлеуметтік қызметтер порталына толығымен ауыстыру жоспарланып отыр.

Атаулы әлеуметтік көмектен басқа, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға келесі қолдау шаралары көрсетіледі: тұрғын үй көмегі (егер бұл шығыстар отбасының жиынтық табысының 5 пайыздық үлесінен асып кетсе, тұрғын үй-коммуналдық шығыстарды төлеуде); 20 АЕК мөлшерінде бір реттік әлеуметтік көмек (58 340 тг); жеке тұрғын үйдің меншік иесіне жалпы тармақтан үйге дейін газ жабдығын жүргізу және орнату шығындарын өтеуге біржолғы әлеуметтік көмек, емтихан сессиясының нәтижелері бойынша «өте жақсы» балама алған көп балалы отбасынан шыққан студенттерге ай сайынғы 10 мың теңге мөлшеріндегі әлеуметтік көмек. Ал 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған МӘК ай сайын азық-түлік жиынтығы және тоқсан сайын ұсынылатын тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы түрінде ұсынылады. Жиынтық құрамы Үкіметтің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1032 қаулысымен бекітілген және осы жастағы балалардың физиологиялық ерекшеліктерін, тамақ пен энергетикалық құндылықтың арақатынасын ескере отырып қалыптастырылған. Жиынтыққа анемия, рахит, дисбактериоздың алдын алу үшін кальций мен басқа микроэлементтермен, пробиотиктермен байытылған дәрумендер бар түрлі өнімдер (сүт, көкөніс, жеміс) кіреді.

Орта білім беру ұйымдарында оқитын 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған МӘК мектеп формасының немесе спорт формасының жиынтығы және мектеп-жазу керек-жарақтарының жиынтығы; денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нормаларға сәйкес оқу жылы кезеңінде оқу орны бойынша (оқу күндерінде) күнделікті бір реттік ыстық тамақ беруді қамтамасыз етеді; қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруге мүмкіндік береді.


12 ақпан 2021 ж. 477 0