Тіршілік тынысы » Жаңалықтар » Цифрлық Қазақстан: Сапалы қызмет көрсету бойынша жоғарғы көрсеткішке ие
Цифрлық Қазақстан: Сапалы қызмет көрсету бойынша жоғарғы көрсеткішке ие
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында қызылордалықтардың цифрлық сауаттылығын арттыру үшін кең көлемді іс-шаралар атқарылуда. Нәтижесінде тұрғындар ХҚО-ға бармай-ақ, смартфонның көмегімен мобильді қосымшалар арқылы қызметтерді белсенді түрде алуда. Атап айтар болсақ, Жыл көлемінде «eGov mobile» қосымшасына облыс бойынша 50 мыңнан астам қызылордалық тіркеліп, 175 385 қызметті онлайн алған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиал директоры Айдын Қайруллаев баяндады. Айта кетейік, 2020 жылы филиалдың фронт-офистері сапалы қызмет көрсету бойынша рейтингте республика көлемінде екі жыл қатарынан 1 орында келеді.