Жаңа жылдан бастап зейнетақы мен жәрдемақы өсті
2021 жылдан бастап зейнетақы 7%-ке, жәрдемақы 5%-ке өсті. Осы өзгерістерге сәйкес Қызылорда облысы бойынша қаңтар айында 346 697 төлем алушыларға 13 млрд. теңге көлемінде зейнетақы мен жәрдемақы төленді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Айдын Қайруллаев баяндады.
Соның ішінде 75 803 зейнет жасына жеткендер, 23 223 мүмкіндігі шектеулі жандар, 28 119 көпбалалы отбасылар болса, 16 642 Алтын, күміс алқа иегерлері, 9 182 азамат арнайы жәрдемақы алған.
Соның ішінде 75 803 зейнет жасына жеткендер, 23 223 мүмкіндігі шектеулі жандар, 28 119 көпбалалы отбасылар болса, 16 642 Алтын, күміс алқа иегерлері, 9 182 азамат арнайы жәрдемақы алған.