ЖИЫРМА СЕГІЗ ЖЫЛ ТАБАНДЫ ЕҢБЕК ЕТУДЕ
Қайтпас қайсарлық, тегеурінді табандылық барлық қазақ қыздарына тән қасиет. Ер азаматтың атқара алмайтын жұмысын кейде нәзік жандылар өз мойнына алады. Тағдыр сыйымен бетпе-бет келіп, өз күшіне нық сенім артады. Белдері бүгілместен бар ауыртпалықты жеңіп шығады. Шойын жолдың қыр-сырын меңгерген кент орталығында Мәдина Қауышева аталатын азаматша тұрады.
Осыдан 28 жыл бұрын жас бойжеткен АО КТЖ-жүк тасымалы Қызылорда облысы бөлімшесінің Тереңөзек стансасында жүк тасымалы кассирі қызметіне орналасады. Міне, ширек ғасырдан астам уақытта қиындыққа мойымай, осы салада абыройлы қызмет атқарып келеді. Жастайынан еңбекпен шыңдалған Мәдина Темірғалиқызы кішіге білгенін үйретіп, үздік мамандар қатарынан көрінді. Бірде-бір рет өз саласы бойынша басшылықтан ескерту алмаған. Жұмыста табанды қызметкер шаңырақтың іргесін шайқалтпай екі жаққа бірдей қарайды. Отбасы мен жауапкершілігі мол жұмысты қатар алып жүрген әзиз ана 4 перзентті дүниеге әкеліп, олардың тәрбиелі болып өсулеріне көп күш жұмсап келеді. Талай қызықтарды жұмыс барысында бастан өткеріп, қиындық атаулыны еңсере білуді үйренген. Әр жылдары түрлі марапаттарға ие болып, кұрмет төрінен көрінген.
Негізінен теміржол саласы қатаң тәртіпті талап етеді. Қиындықтан мүдірместен, мүлтіксіз өтіп жүрген Мәдина әріптестері арасында сыйлы, қадірлі жан. Кез келген жұмыста талай жүк вагондарының стансадан жөнелтіліп, діттеген жеріне жетуіне себепші болған. Осы орайда абыройлы жанды мерекесімен құттақтай отырып, еңбегіне табыс, отбасына амандық тілейміз.

Б.АЯБЕКҰЛЫ