Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Егемендіктің құндылықтары насихатталды

Егемендіктің құндылықтары насихатталды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жариялағаны белгілі. Айтулы жылдың ашылуына байланыс­ты аудандық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – ұлт рухының бастауы» тақырыбында іс-шара өткізілді. Оған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Е.Өтебаев және белсенді жастар қатысты.

Руханияттың ордасы саналатын кітап­ха­надағы мәдени іс-шара барысында жинал­­ғандарға 6 бөлімнен тұра­тын кітап көрмесі таныстырылды. Өз кезегінде  Тәуел­­­­сіздіктің төл құрдасы кітапхана қызметкері Д.Пазыл­бекова ақын Жеткерген Әбдірей­ұлының «Замандасқа сыр немесе Тәуелсіздікке тағзым» өлеңін оқыды. Сонымен бірге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы егемендіктің бас­ты құндылықтарын айтып берді.

– Тәуелсіздік – қазақ ұлты үшін қастерлі ұғым. Шежірелі тарихы тым әріден басталатын еліміздің егемендік жолында жасаған толайым жетістіктері жеткілікті. Талай жыл ата-бабамыз армандаған еркіндіктің қадірін әрқайсысымыз ұғынуымыз керек. Тәуелсіздік кү­ні – барлық қазақстандық үшін ор­ны ерекше мереке. Біз қашанда өткенді зерделеп, бүгінгі күнге шүкіршілік етуіміз керек, – деді Х.Әбенұлы.

Іс-шарада №35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицей ұстаздары белсенділік танытты. Ал кітапхана қызметкерді тағылымды кештің мазмұнын барлық жағынан аша түсті.

Балтабай ОРДАБЕКОВ 
16 қаңтар 2021 ж. 626 0