Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Канвассинг: Кандидат ауыл тұрғындарымен кездесті

Канвассинг: Кандидат ауыл тұрғындарымен кездесті

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат А.Жұмабекова «Канвассинг» жобасы аясында сайлаушылардың үйлеріне барып, партияның алдағы 5 жылдыққа арналған сайлауалды бағдарламасын насихаттады. Сонымен бірге 10 қаңтарда өтетін сайлауда жетекші партияға дауыс беруге шақырды.

– Аудан орталығынан шалғайда орналасқан Іңкәрдария ауылында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Ауыл әлеуетін көтеру мақсатында жүйелі жұмыстар жалғасы табады. Жалпы Сырдария ауданында өткен жылы бірқатар маңызды мәселелер көтеріліп, өз кезегінде кейбір уақыт күттірмей шешімін тапты. Оның ішінде әлеуметтік мәселелер назардан тыс қалмады.Әлемдік коронавирустық пандемия біздің елдің экономикалық жағдайына кері әсерін тигізді, сондықтан 2020 жылы мемлекет дағдарысқа қарсы шаралар әзірледі. Карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты келесі көмектер көрсетілді. Жалақысы сақталмайтын, төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде, 8478 тұрғынға 42,5 мың теңгеден төленді. 426 аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек берілді. 6 жасқа дейінгі 410 балаға кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер үлестірілді, – деді аудандық мәслихат депутаттығына кандидат А.Жұмабекова.

Кездесуде тұрғындар кандидатқа сауал тастап, бірқатар мәселелерін атап өтті.

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Сырдария аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді








05 қаңтар 2021 ж. 566 0