Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік сала жұмысшыларының жалақысы көбейеді

Әлеуметтік сала жұмысшыларының жалақысы көбейеді

Елімізде әлеуметтік салада еңбек ететін жұмысшылардың жалақысын көбейту мақсатында ел қазынасынан алдағы үш жылға арнап 95 млрд теңге бөлінбек. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 38,5 мыңнан астам мемлекеттік мекемелердегі әлеуметтік жұмысшылардың жалақысы өспек.

Негізінен:
• Стационарлық (қарттар мен мүгедектерге арналған үйлер) және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде;
•Уақытша болу мекемелерінде (түрлі оңалту орталықтары)
істейтін негізгі жұмысшылар мен басшылық құрамның, сондай-ақ үйде қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы өседі.
Алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік қызметкерлер үшін жалақы 1,5 есеге, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ағымдағы мәннен 1,75 есеге, ал 2023 жылы 2 есеге өседі.

– Бұл жыл барлығына қиын болды. Біздің әлеуметтік қызметкерлер мекемелерде іс жүзінде тұрып, ерекше контингентпен жұмыс жасады. Біз олардың еңбегін бағалаймыз және олардың маңыздылығын түсінеміз. Бұл шара әлеуметтік салаға мамандарды тартуға, қызметкерлердің тапшылығын азайтуға және кадрлық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді деп үміттенеміз, – деп атап өтті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.


13 желтоқсан 2020 ж. 440 0