Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс әкімі аппараттық жиында бірқатар мәселелерді қарады

Облыс әкімі аппараттық жиында бірқатар мәселелерді қарады

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Жиында 4 мәселе қаралып, сала басшылары атқарылған жұмыстарды баяндады.

Отырысқа облыс әкімінің орынбасарлары мен салалық басқармалардың басшылары, онлайн режимде қала, аудан әкімдері қатысты.

Жиында алдымен 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік күні мерекесін ұйымдастыру мәселесі тыңдалды. Облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет мерекені атап өтудің арнайы медиа-жоспары бекітілетінін және атаулы мерекеде түрлі деңгейдегі онлайн шаралар ұйымдастырылатынын жеткізді. Бұл ретте имидждік медиа-өнімдер әзірленіп, әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет мереке қарсаңында өңірде тақырыптық онлайн іс-шаралар, білім беру ұйымдарында дәрістер, дөңгелек үстелдер, имидждік жобалар ұйымдастырылып, онлайн концерттер, спектакльдер, музейлерде онлайн экскурсиялар, виртуалды көрмелер, онлайн спорттық жарыстар өтетінін жеткізді.
Екінші мәселе - «2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасының орындалу барысына арналды. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гаухар Қалмақова бағдарлама шеңберінде 291 жобаға 40,1 млрд.теңге бөлініп, тиісті жұмыстардың іске асқанын баяндады. Сонымен бірге жыл аяғына дейін бірқатар жобаларды аяқтау міндеті тұрғанын тілге тиек етті.

28 қараша 2020 ж. 545 0