Мемлекет басшысы балаларға қатысты жазба жариялады
Президент пікірінше, біз Қазақстандағы барлық баланың бақытты болашағын қамтамасыз етуіміз керек
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың құқығын, денсаулығын сақтау, жас ұрпаққа білім беріп, дамыту басты мақсат екенін атап өтті, деп хабрлайды Sputnik Қазақстан.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың құқығын, денсаулығын сақтау, жас ұрпаққа білім беріп, дамыту басты мақсат екенін атап өтті, деп хабрлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін әлем балалар күнін атап өтетінін еске салған президент басымдыққа ие мақсат-міндеттерді де нақтылай түскен.
"Бүгін бүкіл әлем балалар күнін атап өтеді. Балалардың құқығын, денсаулығын сақтау, жас ұрпаққа білім беріп, дамыту – біздің басты мақсатымыз. Біз Қазақстандағы барлық балалардың бақытты болашағын қамтамасыз етуіміз керек. Біз әр баланың үніне құлақ асуымыз қажет", – деп жазды президент Twitter-парақшасында.
Дүниежүзілік балалар күні
1954 жылы БҰҰ-ның Бас ассамблеясы барлық елге бейбіт бауырластық күні ретінде, сондай-ақ әлемдегі балалардың есен-саулығы мен олардың өзара түсіністігін қамтамасыз ету үшін Дүниежүзілік балалар күнін енгізуді ұсынды.Ал 1959 жылдың 20 қарашасы күні ассамблея Бала құқықтары жөніндегі декларацияны және 1989 жылы дәл осы күні Балалар құқықтары туралы конвенцияны қабылдады.