Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Батысқазақстандық отбасы құрт өндірісінің арқасында үй салды

Батысқазақстандық отбасы құрт өндірісінің арқасында үй салды

БҚО-да еңбекқор отбасы құрт сатып, көл-көсір пайда тауып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарықұдық ауылында тұратын Ниетқабыловтар ауыл шаруашылығы өнімінен түскен қаражатқа зәулім үй салып алды. Отбасы мүшелері еш жерде жұмыс істемейді. Тірлігі малмен байланысты. Олар қысы-жазы сиыр сауып, өнімін алады. Шаруаға үйдегі балалар да қолғабыс қылып жүр. Отағасы айына 3 рет қалаға барып, құрт сатады. Барған сайын кемінде 100 мың теңге пайда тауып келеді. Кәсіп көсегесін көгерткен отбасының алға қойған жоспары да ауқымды. «Маңдай тер мол табысқа жетелейді», – дейді отағасы.

Дулат Ниетқабылов, Сарықұдық ауылының тұрғыны: – Қалаға бір барғанда 3-4 мың құрт апарамын. Күніне 200-300-дей құрт шығады. Көктемде сүт көп болады ғой. Сол кездерде күніне 1000-ға жуық құрт өндіріледі. Кешке дейін отыратын да кезіміз болады. Үйіміздің негізін 2019 жылғы 1 мамырда бастадық. Содан үйге 15 қарашада кірдік. Газ, су – бәрі қосылды. Бұған дейін 15 жыл әке-шешемнің үйінде тұрдық.

04 қараша 2020 ж. 348 0