Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№72 газет

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 газет

19 қыркүйек 2026 ж.

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Дәрі – дәрмек қоймасындағы дәрілік препараттардың қорымен танысты

Дәрі – дәрмек қоймасындағы дәрілік препараттардың қорымен танысты

Бүгін өңірлік денсаулық сақтау басқармасының басшылығы облысымызға іс-сапармен келген Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Парасаттылық департаментінің басшысы Ғанижан Асанұлы мен Агенттік жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Ырза Тұрсынзаданы «СК-Фармация» ЖШС-нің облыстық филиалы қоймасындағы дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының қорымен таныстырды.

Біздің басты міндетіміз - азаматтардың денсаулығын сақтау. Қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселесін түбегейлі шешу, дәрі-дәрмектердің мол қорын құру және ықтимал пандемияның алдын алу» - деді Жангелді Мырзагелдіұлы.

Сонымен бірге, Парасаттылық департаментінің басшысы Ғанижан Асанұлы -пандемияның бірінші толқынындағы тәжірибені ескере отырып,COVID-19 емдеу бойынша препараттар тапшылығын болдырмау мақсатында тиісті шаралар қабылдап, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың қажетті көлемінің болуына және бағасының негізсіз өсуінің алдын алу мақсатында мониторинг жұмыстарын жалғастыру қажеттігін атап өтті.
02 қараша 2020 ж. 517 0