Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тиімділігі

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тиімділігі

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2020 жылғы бүгін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Парасаттылық департаментінің басшысы Ғанижан Асанұлы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Ырза Тұрсынзада облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру, мемлекеттік кірістер, қазынашылық, ішкі аудит, және экономикалық тергеу департаменттерінің басшылығымен кездесті.

Кездесу барысында «Азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарлану – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың маңызды элементтерінің бірі. Бұл тұрғыда мемлекеттік аппаратты парасаттылық, ашықтық және есептілік қағидалары арқылы трансформациялау маңызды рөл атқарады», - деп атап өттіПарасаттылық департаментінің басшысы.

Сонымен қатар, Ырза Тұрсынзада - мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты құқықбұзушылықтың алдын алуға, парасатты қоғам құруға бағытталғандығын хабарлап, департамент қызметкерлерін өз қызметтеріне адал әрі парасатты болуға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен тиімділігін арттыру үшін барлығымыз атсалысуымыз қажет екендігін баяндап өтті.
02 қараша 2020 ж. 412 0