Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қайрат Боранбаев: «Атамекен» - мәселені бірге шешу мүмкіндігін ұсынушы аса маңызды алаңға айналды»

Қайрат Боранбаев: «Атамекен» - мәселені бірге шешу мүмкіндігін ұсынушы аса маңызды алаңға айналды»

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII Съезі өтті. Мемлекет басшысы, ҚР Премьер-Министрі, «Атамекен»-нің басшылары, республика көлемінде кәсіпкерлер онлайн қатысқан шараға Қызылордадан облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңес төрағасы Қайрат Боранбаев, Палата директоры Ғалымбек Жақсылықов және өңірлік кеңес мүшелері қатысты.

«Бұл жолғы шара осы уақытқа дейін өткен съезден онлайн өтуімен ерекше болды. Кәсіпкерлердің басты шарасында жыл көлемінде жиналып қалған заңнамалық деңгейде өзгеріс енгізуді қажет ететін, Мемлекет басшысы, Үкіметтік деңгейде шешуді қажет ететін мәселелер қаралды. Кәсіпкерлер тарапынан көтерілген мәселелер шешімін табады деген сенімдемін. Ол үшін Президент Үкіметке тиісті тапсырмаларды жүктеді. Мұнан өзге, шарада «Атамекеннің» жыл көлемінде жасаған жұмысы қорытындыланып, атқарылған тірліктерге баға берілді. Бұл съезд шағын және орта бизнестің дамуында, өңірдегі кәсіпкерліктің өркендеуінде жаңа серпін береді деп ойлаймын», - дейді Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев.

Съезде талқыланған мәселелер мен Президенттің берген бағасы туралы ақпаратты мына жерден оқи аласыздар https://atameken.kz/kk/news/39167-glava-gosudarstva-dal-vysokuyu-ocenku-urovnyu-vzaimodejstviya-nacional-noj-palaty-predprinimatelej-atameken-i-pravitel-stva-rk

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының саланы дамытуға рөлі туралы Өңірлік кеңес төрағасы: «Құрылғанына 7 жыл болған «Атамекен» кәсіпкерлердің өмірінде ғана емес, сондай-ақ ел экономикасында да аса маңызды рөл атқаратын дәлелдеді деп айта аламын. Бүгінде «Атамекен» - бизнес өкілдеріне де мемлекеттік органдарға да бас қосып, мәселені бірге шешу мүмкіндігін ұсынған аса қажетті алаңға айналып отыр», - дейді. 
 
Съезд жұмысына қатысты: «Осы жолғы Съезд кәсіпкерлер үшін қиын кезеңде өтіп жатыр. Дүние жүзінде орын алған пандемия салаға айтарлықтай зиянын тигізіп отыр. Сондықтан да съезде алдағы уақытта «бизнес өкілдері қалай жұмыс жасайды?», «Шектеу шараларынан қалай шығарамыз? Жалпы бизнесті қалай дамытамыз?» деген сауал төңірегіндегі мәселелер талқыланды. Ол үшін алаң ұсынған «Атамекенге», шешу жолдарын қарастырған Президент пен Үкіметке алғысымызды айтамыз. Съез делегаты ретіндегі біздің міндетіміз енді осы қабылданған шараларды елдегі кәсіпкерлерге жеткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз керек», - дейді Өңірлік кеңес мүшесі, «Сыр маржаны» ЖШС директоры Мінәжадин Өтеев.
  Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
01 қараша 2020 ж. 380 0