Демалысқа арналған ауа райы болжамы
2020 жылғы 12-14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы белгілі болды, – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері елімізде күн жылып, мизам шуақ болады. Дегенмен, кейбір өңірлерде жаңбыр жауып, тұман болу ықтималдығы басым.
«Үш күн бойы Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс циклонының алдыңғы бөлігінің ықпалында болады, ол ауа температурасының жоғарылауын тудырады. Алайда кей жерлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр өтеді. Тек еліміздің шығысында жауын-шашын болмайды, ал түнгі және таңғы уақытта кей жерлерде үсік және тұман байқалады», – деп хабарлайды Қазгидромет.