Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№45 газет

16 маусым 2026 ж.

№44 газет

13 маусым 2026 ж.

№43 газет

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Сенатор дәрігер мәртебесі туралы заң қабылдауды ұсынды

Сенатор дәрігер мәртебесі туралы заң қабылдауды ұсынды

Бүгінгі таңда медициналық мекемелерде 4 мың дәрігер жетпейді.

Парламент сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы еліміздің Премьер-Министрі Асқар Маминнің атына медицина саласындағы өзекті мәселелер және оны дамыту туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Today.kz.

"Ұлт денсаулығы – мықты мемлекет кепілі. Сондықтан адам денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп, ажалға араша түсетін дәрігерлер қауымына арнап, «Дәрігерлер мәртебесі туралы» заң қабылдауды ұсынамыз", – деді М.Бақтиярұлы.

Депутаттың айтуынша, қазіргі таңда дәрігер кадрларымен қамтамасыз ету қалалық жерде – 56,8 пайыз болса, ауылда бұл көрсеткіш 16,1 пайызды құрайды. "Қазір емдеу орындарында 4 мың дәрігер жетіспейді. Әсіресе, реаниматолог, рентгенолог, пульмонолог, тағы басқа да осы сияқты салалалық мамандардың тапшылығы қатты білінеді. Тіпті, коронавирустың қаупі сейілмей тұрған ірі орталықтар мен өңірлердегі ауруханалар мен емханаларда 800-ден астам инфекционистің орны бос тұр", – деді ол.

Сенатор өңірлерге сапары кезінде жергілікті жердегі денсаулық сақтау саласында шешімін таппай жатқан бірқатар күрделі мәселелердің бар екеніне көз жеткізгенін айтты. Сондай-ақ, ол отандық медицина нарығы ауыр сынаққа төтеп бере алмағанын тілге тиек етті. "Қаншама қабылданған шараларға қарамастан Денсаулық сақтау министрлігі халық денсаулығын қорғауды дамытудың жүйелі жолын таба алмағаны түсініксіз", – деді Бақтиярұлы палатаның жалпы отырысында.
11 қыркүйек 2020 ж. 476 0