Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшелері сайланды

Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшелері сайланды

Қызылордада кәсіпкерлердің Өңірлік кеңесінің сайлау қорытындысы жарияланды. Өңірлік кеңес – Кәсіпкерлер палатасының бақылаушы органы болып табылады.

Естеріңізге салып өтсек, Қызылордадан Өңірлік кеңеске 37 кәсіпкер үміткер ретінде тіркеліп, аталмыш үміткерлерге 5-20 тамыз аралығында дауыс беру өткізілген болатын. Сайлауда дауыс беру құқығы тек кәсіпкерлерге ғана берілді. Облыс бойынша үміткерлерге 8068 кәсіпкер дауыс берді.   

Бизнес субъектілердің тең қатысуын қамтамасыз ету мақсатында Өңірлік кеңес құрамының 60 пайызы облыс орталығындағы бизнес өкілдерінен, ал 40 пайызы – аудандардағы кәсіпкерлерден құралды.

Кәсіпкерлер палатасының алаңында Іріктеу комиссиясының отырысы өтті. Отырыста комиссия төрағасы, «Қызылорда кәсіпкерлері» Қауымдастығының төрағасы Мырзағали Ермаханов сайлаудың қорытындысымен, комиссия мүшелерінің бірауыздан қабылданған шешімімен, басым дауыс жинаған 20 кәсіпкер Өңірлік кеңеске мүшелікке енгізуге ұсынылғандығын хабарлады. Олар:

- 1306 дауыспен Боранбаев Қайрат Жомартұлы, «НУРЛЕН» ЖШС басқарма төрағасы (Қызылорда қаласы);   
- 748 дауыспен Өтеев Мнажадин, «Сыр маржаны» ЖШС директоры (аудан);
- 477 дауыспен Тілеулиев Бибітәлі Дербісалыұлы, «СЫР ЖОЛДАРЫ»ЖШС директоры (Қызылорда қаласы);
- 376 дауыспен Нұрымбетов Жанарбек Сражұлы, «Ысамаддин» шаруа қожалығының басшысы (аудан);
- 374 дауыспен Бисембаев Темір Алдажұмаұлы, «Т-Т ҚҰРЫЛЫС-СЕРВИС» ЖШС директоры (аудан);
- 365 дауыспен Абызов Ділмұхамед Мнуарбекұлы, «DALATEX» ЖШС директоры (Қызылорда қаласы);
- 342 дауыспен Іздібаев Нұрлан Тұрғанбекұлы, «Ақтөбе и К» ЖШС директоры, (аудан);
- 342 дауыспен  Мишукова Наталья Валентиновна,    «Мансап Қызылорда» ЖШС құрылтайшы (Қызылорда қаласы);
- 316 дауыспен Жайсаңбаев Рахат Бақытұлы, «MASSAGET GROUP» ЖШС директоры (Қызылорда қаласы);
- 302 дауыспен Бекішев Жаңабай, жеке кәсіпкер (Қызылорда қаласы);
- 300 дауыспен Ерәлиев Мағжан Абзалұлы, «Абзал и Компания» ТС директоры (Қызылорда қаласы);   
- 278 дауыспен Байешов Арман Әбдімәуленұлы, ФИРМА «KAZROSKIT» ЖШС директоры (Қызылорда қаласы);
- 259 дауыспен Балмаханов Балахан Майданбайұлы, жеке кәсіпкер (аудан);
- 239 дауыспен Абдраимова Гүлзағира Оралбайқызы, «ҚазСпецСтройЭкспертиза» ЖШС директоры (Қызылорда қаласы);
- 233 дауыспен Әбдіқадырова Айткүл Әлиқызы, «ҰСТА СӘМІ» ЖК-нің басшысы (аудан);
- 206 дауыспен Асенов Аблан Мұсабекұлы, жеке кәсіпкер (аудан);
- 206 дауыспен Дәуленбаев Әнуар, «ЕР-АН» шаруа қожалығының басшысы (аудан);
- 157 дауыспен Нұрхожаев Болат Жолтайұлы, жеке кәсіпкер (Қызылорда қаласы);
- 140 дауыспен Еспенбетов Манарбек Нағымұлы, «ПРОМСТРОЙСЕРВИС.Е» ЖШС бас директоры (Қызылорда қаласы);
- 118 дауыспен Махатова Дина Ордабекқызы, «АС-КА» ЖШС директоры (Қызылорда қаласы).
«Өңірлік кеңеске үміткер ретінде түскен 37 кәсіпкердің ішінде 1 кәсіпкер процесс барысында өз өтініші негізінде сайлауға қатысудан бас тартты. Іріктеу комиссиясының құрамында 7 адам бар. Комиссия құрамы кәсіпкерлерден, қоғам белсенділерінен құралған. Сайлау науқаны кезінде комиссияның 6 отырысы өткізіліп, комиссия мүшелері барлық кезеңге белсенді қатысты. Аймағымызда кәсіпкерлердің басты кеңесі – Өңірлік кеңестің мүшелері бірінші рет сайлау негізінде анықталуда. Жаңа сайланған мүшелер кәсіпкерліктің дамуына жаңа серпін әкеледі деген сенімдемін», - дейді іріктеу комиссиясының төрағасы Мырзағали Ермаханов.

Айта кету керек, Өңірлік кеңес Палатаның дирекциясына мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға, басқару органдары қабылдаған бағдарламалық құжаттарды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында 2013 жылы құрылған болатын. Өңірлік кеңес құрамына аймақтағы белсенді, белгілі, қоғамда орны бар, кәсіпкерлердің мүддесін қорғай алатын бизнес өкілдері енгізілді және осы жылдар аралығында мүшелерінің құрамына өзгерістер енгізіліп отырды.
«Бүгінгі күнге дейін жұмыс жасаған Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшелері аймақтағы жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту бағытындағы бастамасымен, Үкіметтік деңгейге дейін күрішшілердің мәселесін жеткізуімен, жеке балабақшалардың құқығын қорғаудағы принципшілдігімен, сондай-ақ Арыс тұрғындарына, елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан кейін ұйымдастыру шаралары барысындағы, облыс тұрғындарына қайырымдылық жұмыстарындағы белсенділіктерімен ерекшеленеді. Аталмыш кеңес мүшелігінде нәтижелі еңбек еткен кәсіпкерлерге Кәсіпкерлер палатасы атынан алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта да ол кісілермен әріптестік негізде жұмыс жасаймыз деген сенімдеміз», - дейді Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Сонымен, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің құрамында 20 қызылордалық кәсіпкер еніп, жақын күндері жұмысын бастайды.  

Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
28 тамыз 2020 ж. 483 0