Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Мейірім

Бір келіншек хат жазыпты.."14 жаста қызым бар, қалағанының бәрін әперіп отырмыз әкесі екеуміз, бірақ өте қырсық, өтірікті көп айтады, ұрдым, ұрыстым, жәй айттым, дым нәтиже жоқ" депті.

Қызыңызды маған алып келіңіз болмаса өзін жіберіңіз дедім... Ертіп келді.. Келе салып ұрыс басталып кетті.. Айқайлап жатқан анасы... Қызы жұлынып әрең отыр.. Екеуін әрең дегенде сабырға шақыру үшін екі бөлмеге бөлек отырғыздым да бір - біріне хат жазуын өтіндім...

Анасына "ешқандай өкпе ренішсіз махаббатқа толы хат жазыңызшы" дедім...

Сонымен жазу басталды.. Анасы жазып жатыр, жазып жатыр.. Арасында жылап алады.. Сосын ары қарай жазады.. Қыз әлі қырсығып отыр.. "Менің оған жазатын ештеңем жоқ" деді басында.. Сосын қаламды алды бір ғана сөйлем жазды.. "Анаңа өз қолыңмен берші,
қазір шақырайын" деп өтіндім.

Сол сәтте көзінен бір тамшы жас үзіліп түсті.. "Сіз апарып беріңізші, мен ұяламын" деп жылап жіберді... Анасына хатты апарып бердім, ашты, оқыды... Сосын отыра қалып ол да жылады.. Хаттың ішінде бір - ақ ауыз сөз жазылған екен:.."Мама, мені құшақтаңызшы, мен сізді қатты сағындым.." Күн сайын ұрыс ести бергеннен шаршаған ғой байқұс қыз... Жалпы баланың қырсықтығы, бұзықтығы "маған мейірім керек" деген сигнал! Бәрін әперіп отырмын деген ақталу баланы бақытты қылмайды!

Осы хат менің өзіме қатты ой салды.. Мен өз қызымды ойладым.. Соңғы рет қашан құшақтадым, қашан еркелеттім деп жаман болдым.. Көшеден көршіні көріп қалсақ асты - үстіне түсіп жағдайын сұраймыз, тойға барсақ туыстардың көңілі үшін өтірік болса да күліп отырамыз, достарымыздың көңілін көтеру үшін бар жылы сөзімізді арнаймыз. Ал жақындарымыз ше?! Олардың не жазығы бар? Оларға неге сонша қаталмыз? Біреудің ата - анасына кішіпейіл боп өз ата - анамыз бірдеңе десе жақтырмай қабақ шытып тұратынымыз рас қой... Айдаладағы адамға бар ықыласымызды төгіп жүргенде жақындарымыз бізден мейірім күтіп жүрген жоқ па?! Мейірімді болуды өзімізден бастайықшы... Адамды тәрбиелейтін қаталдық емес - Мейірім!
26 тамыз 2020 ж. 657 0