Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Protecting bussines and investments» жобасы аясында қолдау көрсетілуде

«Protecting bussines and investments» жобасы аясында қолдау көрсетілуде

Бүгін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментібасшысының бірінші орынбасары Ниязов Бақытжан Мақсұтұлы, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқарма басшысының орынбасары Тасқараев Мұрат Ибрагимұлы және Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Берденова Жанар Серікқызы кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Protecting bussines and investments» жобасы аясында үшкәсіпкермен (ЖК «Сүйеніш», ЖК «Қосжанов» және «Айғасар» ЖШС) сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу келісіміне қол қойылды.

Өңірімізде кәсіпкерлердің құқығын қорғау, бизнес үдерістерді оңтайландыру, қоғамдық бақылау орнату және инвесторлардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған«Protecting bussines and investments» жобасы жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні жоба аясында 22 инвестициялық жоба(6 шетелдік және 16 отандық жоба)сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге алынды.

«Protecting bussines and investments» жобасы аясында жоба ашылғаннан бері 58 өтініш қаралды. Оның 31-іне тиісті қолдау көрсетіліп, өтініштегі көрсетілген мән жайлары бойынша кәсіпкерлердің құқықтары қорғалған. Ал, қалған өтініштерге заң талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Департамент тарапынан «Protecting bussines and investments» жобасы аясында өңіріміздегі инвесторлар мен кәсіпекерлер үшін қолайлы бизнес климат жасау мақсатында кешенді жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.
20 тамыз 2020 ж. 562 0