Басты мақсат - адал бизнес жасауға кедергі жасамау
Бизнесті қорғау, қолайлы инвестициялық климат құру және кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басым міндеті болып табылады.
Бұл орайда, инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған «Protecting bussines and investments» жобасы жүзеге асырылуда.
Агенттік мүдделі инвесторларға Қазақстан аумағында сыбайлас жемқорлық көріністерінен жүз пайыз қорғауға аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат кепілдік береді.
Кәсіпкерлерге кәсіпкерлік қызмет шеңберінде ғана емес, күнделікті өмірде де тап болатын барлық процестерді сүйемелдеу арқылы тиісті нәтижеге қол жеткізетін боламыз.
Аталған жобасы аясында инвесторлардың жалпы құны 553,9 млрд. теңгені құрайтын 19 инвестициялық жоба сүйемелдеуге алынды (6 шетелдік және
13 отандық жоба).
13 отандық жоба).
Бүгінгі күні, департамент облыстық кәсіпкерлер палатасы және облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасымен кәсіпкерлердің мәселелерін шешу мақсатында тиісті сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуде.
Жоба аясында есепті мерзімде фронт офиске инвесторлар мен кәсіпкерлерден 53 өтінішкеліп түсті. Осы өтініштер бойынша тиісті шаралар қабылданып, бизнес субъектілерінің құқықтары қорғалды. Жалпы айтқанда, 53 пайыз өтініштер қанағаттандырылды, ал қалған 47 пайызына тиісті түсіндірмелер берілді.
Әрбір кәсіпкер өзінің құқығын қорғап,өз ұсынысын жеткізетін болса, бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам қалыптасуына үлкен септігін қосатыны сөзсіз.
"Егер сіз инвестициялық жобаны сыбайлас жемқорлықсыз және қажетсізтөлемдерсіз іске асырғыңыз келсе, біз жобаңызды қорғауға кепілдік береміз.
Сізден не талап етіледі? Ашық келісімге қосылу және өз тарапынан сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне жол бермеу.
Жобалық кеңсе Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, 156 А мекенжайы бойынша орналасқан. Толық ақпаратты жоба менеджерлерінен алуға болады. Байланыс құралдары: +7 7242 23 06 90, +7 778 478 70 97, https://www.facebook.com/antikor.kyzylorda/парақшасына және apvo.kzo@mail.ru электронды почтасына тиісті ұсыныс-пікірлеріңізді жолдай аласыздар.
«Protecting Business and Investments» сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасының есігі әрқашан ашық екендігін назарларыңызға саламыз.
Сыбайлас жемқорлық сипатындағы кез келген құқық бұзушылық бойынша хабарламаларды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тәулік бойы жұмыс жасайтын 1424 Call-орталығына хабарлай аласыз, қоңырау шалу тегін. Сіздің хабраламаңыз міндетті түрде қаралатын болады.
Искаков Мұрат Бектұрғанбекұлы,
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы