Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Оқушыларға арналған тарифтік жоспар іске қосылады

Оқушыларға арналған тарифтік жоспар іске қосылады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қашықтан білім беруді қолдау мақсатында ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, мектеп оқушылары мен студенттерге және мұғалімдерге арналған арнайы тарифтік жоспар шығару мәселесін пысықтаған еді, – деп хабарлайды baq.kz .


Министрдің міндетін атқарушы Бағдат Мусиннің айтуынша, тарифтік жоспарда отандық бейнеконференц байланыс жүйесін қоса алғанда, Білім және ғылым министрлігі мақұлдаған отандық (жергілікті және ҚР
аумағындағы) 380 білім беру ресурсын шектеусіз пайдалану қарастырылған.

"Білім" тарифтік жоспарының абоненттік төлемі айына - 990 теңге. Бұл тарифтік жоспарды 20 тамыздан кейін қолдануға болады. Жаңа тарифтік жоспарға қосылу шарттары қазір Білім және ғылым министрлігімен пысықталуда. Сондай-ақ, байланыс операторлары 1 ГБ интернет трафигін қосымша ұсынады, - деді Бағдат Мусин

Бұл іс-шара Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Білім және ғылым министрлігі және байланыс операторлары арасында қазақстандықтардың білім беру ресурстарына шектеусіз қосылу жөніндегі ынтымақтастық меморандумын қабылдау нәтижесінде жүзеге асырылғанын айтып өткен жөн. 

Бұдан өзге, министрлік тіркелген байланыс операторларымен бірге тиісті талдау жүргізіп, операторлардың мектептердегі интернет жылдамдығын 8 Мбит/сек дейін қосу/арттыру мүмкіндіктерін анықтады.

Осы бойынша тиісті ақпарат жергілікті әкімдіктерге жолданды. Жергілікті әкімдіктер мектептерді интернетпен қамту бойынша жұмыс жүргізуі керек.
06 тамыз 2020 ж. 485 0