Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 газет

15 қазан 2019 ж.

№79 газет

12 қазан 2019 ж.

№ 78 газет

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Тас пен мінез


Суреттегі тастардың бірін таңдап, өзіңіз туралы мәлімет алыңыз. 

1. Меруерт

Бұл тасты өзін қадірлей білетін, астамшыл адамдар таңдайды. Тәртіпке бағынып, барлығының сақадай-сай болғанын ұнатасыз. Өзгелерге қол ұшын беруге дайынсыз. Қиын сәтте дұрыс шешім қабылдай алатын ақылды жансыз. Тұрақтылықты қалайсыз.

2. Лағыл

Өзіңіз жақсы көретін істермен ғана айналысатын, күш-қуаты мол адамсыз. Дауыл тұрып, қатты соқса да, барлық қиындықты қасқайып тұрып жеңесіз. Өкінішке орай, кейде пайдасыз істермен айналысасыз.

3. Гауһар

Алмасты мықты, шешімді дұрыс қабылдай білетін, астамшыл адам таңдайды. Айналаңыздағыларға шабыт сыйлап жүресіз. Жаңа нәрсенің дәмін татып, бұрын-соңды көрмеген елдің мәдениетімен танысуды ұнатасыз.

4. Көгілдір топаз

Аталған тасты таңдайтын адамдар әдетте жинақы, сабырлы болады. Өмірдің барлық құбылысын жеңіл қабылдап, аса уайымдамайсыз. Адамдармен тіл табысып, оларды сабырлы болуға үйретесіз. Сіздің жаныңызда өздерін бақытты сезінеді. Алдағы уақытта бұл қасиеттеріңіздің пайдасы тиеді.

5. Перидот

Айналаңыздағылармен бірдей сыйласып, жан сарайыңыздың барынша сабырлы болғанын қалайсыз.

Перидот – өте сирек кездесетін, сиқырлы тас. Оны жердің астынан немесе планетамызға түскен метеориттердің бөлшегінен табуға болады. Сол секілді сіз де өте ерекше жандардың қатарына жатасыз. Жаратушының бірегей туындысы десек те болады.

6. Жасыл ақық

Теңізді жақсы көретін сияқтысыз. Өзгенің көкейіндегі сырды терең ұғынып, әрдайым демеу бола білесіз. Күш-қуаты мол жан болғандықтан, үнемі жаңа оқиғалардың жүзеге асқанын ұнатасыз. Өзіңізге қарағанда өзгелерді биік қоясыз. Өмірдің мәні оның әрбір сәтін мағыналы, көңілді өткізуде деп білесіз. 

7. Танзанит

Сезімтал, өмірге құштар жандар таңдады. Айналаңыздағылардың өзіңізді қатты жақсы көргенін қалайсыз. Мұнымен қатар, түйсігіңіз кез келген істе серік болады. Сирек қателесетіндіктен, оған сенім артуыңызға болады.

8. Цитрин

Шығармашылыққа жақын адамсыз. Жұрт сіздейлерге таңырқап қарайды. Тұрақтылықты қалайсыз.

9. Алқызыл турмалин

Мұны көңілі таза, сезімтал, нәзік адамдар таңдайды. Қандай жағдай болмасын өзгеге қиянат жасауды білмейсіз. Алайда бұл сіздің әлсіз екеніңізді көрсетпейді. Бұл тасты жылытсаңыз, сыртқа электр бөліп шығарады. Сіз де сол секілдісіз. Көп ашуланбайсыз, бірақ бір көтерілсеңіз, ешкімді аямайсыз.

10. Аметист

Аталған тасты ақылды, белсенді, еті тірі жандар таңдайды. Өзіңізге деген сеніміңіз мол. Сізге еш нәрсе де кедергі бола алмайды. Өкінішке орай, бала тәрбиелей алмайсыз.

Ал сіз қай тасты таңдайсыз?
26 ақпан 2018 ж. 3 639 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам