Ашуланбаудың сыры
Ерте заманда Тибеттің биік үстіртінде Аидиба есімді бір кісі өмір сүріпті. Ол ашуланса болғаны үйіне қайтып барып, үйін және өзіне тиесілі жерін үш рет айналып жүгіреді екен. Кейін оның үйі барған сайын ұлғайып, жері де барған сайын кеңейе түсіпті. Ал Аидиба ашуланса болғаны шаршап-шалдыққанына қарамай үйі мен жерін үш рет айнала жүгіретін әдетін қоймапты. Тіпті, қартайып, қолына таяқ ұстап, қалт-құлт етіп әрең жүрген кезінде де ашуға басса болды, тағы сол үйі мен жерін үш рет айнала жүгіреді екен.
Бірде, ашуға басқан ол күн ұясына батқанына қарамастан таяғына сүйеніп жүгіре беріпті. Оқыс жағдай болмасын деп алаңдаған немересі онымен бірге жүгіріпті. Немересі атасынан: «Ата, сіздің ашуланғанда үйіңіз бен жеріңізді айнала жүгіретініңізде қандай сыр бар?» деп сұрапты.
Атасы оған: «Жас кезімде біреумен ұрсысып, сөз таласып, ашуланып қалсам болғаны, үйім мен жерімді үш рет айнала жүгіретінмін, сонда тауықтың ұясындай үйге, тулақтай жерге әрең ие болып жүрген кейпіме қарамай, басқалармен ұстасатын мен кім едім, оған жұмсайтын қайдағы уақытым, қанша қуатым бар еді деген ойға оралсам болғаны, ашудан арылып қаламын да, уақытымның көбін, сондай-ақ барлық зейін-зердемді жұмыс істеуге, үйренуге арнайтынмын» дейді.
Немересі тағы: «Ата, қазір сіз қартайдыңыз, әрі, бай жанға айналдыңыз, неліктен күні бүгінге дейін үйіңіз бен жеріңізді айнала жүгіресіз?» деп сұрайды.
Сонда атасы: «Қазір де ашуға мінсем, үйім мен жерімді үш рет айнала жүгіремін. Сонда сарайдай үйім, аса аумақты жерім бар екен, болар-болмас іске бола басқалармен керкілдесіп, көңілсіз болуымның қажеті қанша деген ойға ораламын да ашуым тарап, жадырап қаламын» депті күле жауап бере