Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қоянбаев әлемдік рекордты өзгерте ме?

Қоянбаев әлемдік рекордты өзгерте ме?

Танымал кинорежиссер және актер Нұрлан Қоянбаев әлеуметтік желідегі парақшасына Қазақстан туының суретін жариялау арқылы челлендж жариялады, – деп хабарлайды HALYQLINE.KZ. Ол барша қазақстандықтарды посттың астына 5 миллион пікір жинауға шақырды. Мақсат – Қазақстан туының суретін инстаграм желісінде танымал ету.

«Инстаграмда бір фото 5-7 млн пікір жинап әлемдік рекорд орнатыпты. Достар, әлемдік рекордты жаңартып жібереміз бе? Әр қайсымыз 20 пікір қалдырсақ, кем дегенде 20 млн пікір жинаймыз. Осы фото әлемдегі ең танымал фотоға  айналсын! Кеттік, биікте самғасын көк байрағымыз!» деп жазды Нұрлан Қоянбаев.

Гиннесс рекордтар кітабы (The Guinness Book of Records) – әлемдік рекортар енетін жылдық жинақ.
28 маусым 2020 ж. 648 0