БИЛЛ ГЕЙТСТІҢ ҚИЯЛЫН ҚАНАТТАНДЫРҒАН 5 КІТАП
Хакім Абай: «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге»,- деп талай заманнан өтіп, бүгінге жеткен даналықтың қайнар бұлағын көрсеткен.
Уақыт сынынан өткен әлемдік өредегі классиктермен қатар шоқтығы биік басқа да шығармалар қашанда оқырманын тауып, өлмес мұралар қатарына қосыла беретіні сөзсіз. Ал, көмекке көздің майын тауысқан оқымыстылар ғана емес, жұртқа тұлға болуға жараған бизнесмендер де келіп жатса нұр үстіне нұр.
Қыратты, белесті бизнес әлемінде тасы өрге домалап, бағы асқан жандардың қабырғалы кітаптарды орта деңгейлі қисапсыз көп шығармадан айырып, атын атауы шетін құбылыс емес. Олар көптен бері «оқыдық, пайымдадық, пайдасы зор, әсері мол, ықпалы орасан» деп болмысы айрықша шығармаларға нұсқап келеді. Билл Гейтс – солардың бірі. Дәулеті шалқыған атақты бизнесменнің кітап оқу машығы ерте қалыптасқан екен. “Қаршадай кезімде армандарым көп еді, олардың өзі кітап оқығанда пайда болатын”, - дейді ол.
Америка жастары Бритни Спирсті аспанға көтеріп, табынуға айналған тақау жылдары қияндағы қытай жастары Билл Гейтске бауыр басып, құлай сүйген еді. Кейінгінің махаббаты «сондай болсам» деген елесті арман, ерекше мұрат тудырды. Болмаса да, ұқсап бақты. Ұтты, ұтылмады. Қазір де Гейтстің қадамын аңдып, сөзін тыңдайтын жұрт қарақұрым. Саны еселеп артқан програмисттер ғана емес, жаңалыққа асық, жасампаздыққа бейім түрі, түсі бөлек, тілі, ділі бөтен қаншама жұрттың баласы. Әккі бизнесмен мұны біледі, себебін де түсінеді. Сондықтан, оқыған кітабын, түйінді пікірлерін ара-тұра жеке вебсайтында әйгілеп тұрудан жалықпайды.
Төменде 2014 жылы Билл Гейтстің көңілінен шыққан кітаптардың тізімін беріп отырмыз. Білгенге маржан дүниелер.
1.Бизнес хикаялар, Джон Брукс (Business Adventures, John Brooks)
2.XXI ғасырдағы Капитал, Томас Пикетти (Capital in the XXI century, Thomas Piketty)
3.Азия жетістігінің сыры неде? Джо Студвелл (How Asia Works, Joe Studwell)
4.Роузи әсері, Грем Симсион (The Rosie Effect, Graeme Simsion)
5.Қазіргі дүние құрылымы: материалдар мен дематериалдандыру, Вацлав Смил (Making of modern world: materials and dematerialization).
Дереккөзі: jakhan.kz
Пікір 3