Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 72 газет

23 қыркүйек 2025 ж.

№ 71 газет

20 қыркүйек 2025 ж.

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Ел Президенті Мәскеуде өтетін парадқа қатысады

Ел Президенті Мәскеуде өтетін парадқа қатысады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс парадына қатысу үшін Мәскеуге барады. Бұл ақпаратты мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 24 маусым күні Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына құрметті қонақ ретінде қатысуды жоспарлап отыр", - деді Уәли.

Айта кетейік, 26 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинпен телефон арқылы сөйлескенін хабарлаған болатын. Сол кезде Ресей басшысы Жеңіс парадына құрметті қонақ ретінде қатысуға шақырған.

Кейіннен президент Тоқаев Твиттердегі парақшасында: "Шақыртуды ризашылықпен қабылдадым", - деп жазды.

Бұған дейін Қазақстанның Қарулы күштерінің десанттық-шабуылдаушы әскерінің сарбаздары Жеңіс парадына қатысу үшін Мәскеуге аттанған болатын.



22 маусым 2020 ж. 562 0