Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Цифрлы-эфирлік телехабар тарату тоқтатылды

Цифрлы-эфирлік телехабар тарату тоқтатылды

Қазақстанның 5 облысында 40 ра­­­дио­­телевизиялық стан­цияда ци­фр­лы-эфирлік телехабардың таратылуы тоқта­тылды. Бұған дейін тө­тенше жағдай мерзімі ке­зін­де мектеп оқушылары үшін қашықтан білім беруді ұйымдастыру және «Балапан», «ЕлАрна» телеарналарының эфирінен сабақ көрсетілуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысында 6, Ақтөбе облысында 5, Солтүстік Қазақстан облысында 8, Қызылорда облысында 16, Атырау облысында 5 РТС тестілеу тәртібінде іске қосылған болатын. Айта кетерлік жайт, аталған радиотелевизиялық станциялар бұған дейін ресми қолданысқа берілмеген еді. Қазіргі уақытта РТС құрылысын аяқтау бойынша жұмыстар жалғасуда.
Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясының тара­луы­­на байланысты бүкіл ел бойынша төтенше жағдай жариялаған болатын. ТЖ жарияланған соң Қа­зақстанда мектеп оқушыларын қа­шықтан білім алу тәртібіне көшіру туралы шешім қабылданды.

«ТТ» ақпарат
13 маусым 2020 ж. 405 0