Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 423 адамға жетті
Қазақстанда тағы 21 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.2 сәуір 17.05 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, елімізде коронавирус індетін жұқтырған тағы 21 адам тiркелдi.
Оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы қаласында – 1 адам, Қызылорда облысында – 1 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам, Шымкент қаласында – 8 адам, Түркістан облысында – 6 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 193 адам, Алматы қаласында – 91 адам, Қарағанды облысында – 21 адам, Ақмола облысында – 19 адам, Атырау облысы – 18 адам, Жамбыл облысында -5 адам, Шымкент қаласында – 11 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 9 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 8 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 26 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 11 адам, жалпы 423 науқас бар.










