Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 36 газет

07 мамыр 2024 ж.

№35 газет

04 мамыр 2024 ж.

№ 34 газет

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » 1 маусымнан бастап қандай нысандар іске қосылады?

1 маусымнан бастап қандай нысандар іске қосылады?

1 маусымнан бастап іске қосылатын нысандар  фейсбук әлеуметтік желісіндегі Өңірлік Коммуникациялар Қызметі ресми парақшасында жарияланды.

1. Қоғамдық моншалардың, сауналардың жұмыс уақытын сағат 09:00 мен 22:00 аралығында белгілеу;
2. Сағат жөндеу шеберханаларының, химиялық тазалау, фотосалондардың, жарнамалық агенттіктердің, шаштараздардың, сұлулық салондардың жұмыс уақытын сағат 09:00 мен 20:00 аралығында белгілеу;
3. Автокөлікті техникалық тексеру мен қызмет көрсету станцияларының, көлік жуу, желімдеу қызметтерінің жұмыс уақытын сағат 09:00 мен 22:00 аралығында белгілеу;
4. Көлемі 500 шаршы метрден асатын бөлек тұрған азық-түлік емес тауарларды сататын нысандар мен базарлардың жұмыс уақытын сағат 08.00 мен 19.00 аралығында белгілеу;
5. Қоғамдық тамақтану және жазғы алаңдары бар таза ауада қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс уақытын сағат 11:00 мен 23:00 аралығында белгілеу;
6. Фитнес клубтардың, тренажерлік залдардың, бассейндердің жұмыс уақытын сағат 10.00 мен 22.00 аралығында белгілеу;
7. Қосымша білім беру орталықтары (барлық сыныптар үшін 10 адамнан аспайтын ара қашықтықты 1,5-2 метр сақтай отырып, сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін);
8. Спа-орталықтары, ашық жағажайжар (сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін);
9. Компьютерлік және интернет клубтар, бильярд клубтары, букмекерлік кеңселер, лотереялық кеңселер (сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін);
10. Қоғамдық демалыс парктері (сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін);
11. Мәдениет, өнер және архив нысандарының жұмысын көрерменсіз, келушісіз толық іске қосу;
12. Спорт нысандарының жұмысы көрерменсіз толық іске қосу;
13. Емдік-сауықтыру орындары, шипажайлар;
14. Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып, автобуспен ауданаралық (облысішілік қалааралық) тұрақты тасымалдау маршруттарын, сондай-ақ облыс аумағындағы автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін іске қосу;
15. Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып, автобуспен облысаралық (республикаішілік қалааралық) тұрақты тасымалдау маршруттарын іске қосу;
16. Эпидемиологиялық ахуал күрделі қала, аудан, елді-мекендерді қоспағанда облыс бойынша орналасқан блок-бекеттерді алу.
31 мамыр 2020 ж. 486 0