ЖҰМЫСҚА ҚАБІЛЕТТІЛІК ҚАЙ УАҚЫТТА АРТАДЫ?
Толығырақ: Адам күннің бірініш бөлігінде сәл енжар, екінші бөлігінде белсенді болады да, үшінші бөлігінде, яғни кешке жақын жұмысқа қабілеті азаяды екен. Ал мұны мамандар тәжірибеден өткізіп, ми мен дененің қай уақытта неге қабілетті екенін анықтаған.
• Таңғы сағат 6-7 – "терезе". Ұзақ мерзімді жад барлығынан жақсы жұмыс істейді, яғни қабылданған ақпарат тез арада миға сіңіп, ұмытылмастай жатталады.
• Сағат 8-9 аралығында логикалық ойлау іске қосылады, бұл кезде есте сақтауға да, сараптамаға да байланысты істерді қатар орындауға мүмкіндік бар.
• 9-10 – ақпарат және статистикамен жұмыс істеуге ең қолайлы мерзім.
• Сағат 11-ден 12-ге дейін интеллектуалдық қызметтің тиімділігі төмендейді, бұл кезде ойыңызды басқа нәрсеге бөлген абзал, мәселен әуен тыңдау не фильм көру.
• Түскі сағат 11-14 аралығы түскі ас ішуге ең қолайлы кез. Нағыз ішкеніңіз асқазанға сіңімді болатын уақыт осы.
• Алайда 12 мен 18 аралығы белсенді еңбек ету кезеңі. Одан кейінгі уақыттарда ми қинала жұмыс істейді. Ұйқыңыз келіп, маужырап отырсаңыз, істің берекесі болмас.
• Кешкі сағат 21-23 кезі ми мен жүйке жүйесін демалтуға таптырмас уақыт саналады.
• Ал 23:00 мен 01:00 аралығында энергия белсенді түрде қалпына келеді. Бұл мерзімді қытай медицинасында "ци", ал үнді йогасында "прана" дейді, жүйке және бұлшықеттер толықтай демалады.
• Түнгі сағат 1-3 кезінде эмоционалдық энергия қалпына келеді.
massaget.kz